Ұлттың денсаулығы

Бокстан Қазақстанның құрамасы Рио Олимпиадасына аттанды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға аттанды. Әуежайда оларды туыстары мен достары, БАҚ өкілдері шығарып салды.
Астана қаласы 28 Шілде, 09:21

Қазақстанның  ұлттық құрамасына  енген он азамат екі қыз бүгін түнде Риодағы жазғы Олимпиадаға аттанды. Өз чемпиондарын шығарып салуға  жақындары мен жанкүйерлері келді. Олар Маңғыстау, Шымкент, Қарағанды, Аматы және Қостанайдан жиналған болатын.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов  боксшылардың бас бәсекелестері туралы айтып өтті.

«Азаматтар жақсы дайындалды, мемлекет те қолдау көрсетті, енді ойдағыдай өнер көрсету қалды. Олимпиада американдық континентте өткелі жатыр, бірінші кезекте, қауіпті бәсекелестер кубалықтар, американдықтар, мексикалықтар мен бразиялиялықтар. Оған қоса, бокс қазір барынша дамыды, оның ішіне Еуропаны да қосуға болады: Англия, Франция, Ресей, Ирландия. Азиялық көршілеріміз – Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Таиланд, Филиппин. Алайда қазақстандық бокс мектебімен әлем  елдері санасады, осы жолы оны тағы бір мәрте дәлелдегіміз келеді», - деді бапкер.

Ұлттық құрамаға: Біржан Жақыпов, Олжас Саттыбаев, Қайрат Ералиев, Берік Абдрахманов, Абылайхан Жүсіпов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко, Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика