Басқару

ҚР Денсаулық министрі «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ел азаматтарын қабылдады.
Астана қаласы27 Шілде , 19:58

Министрге барлығы 23 адам, олардың ішінде Астана, Алматы қалалары, сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары Тамара Дүйсеновамен видеоконференция байланысы арқылы өз сұрақтарын қойды. Олардың басым көпшілігі емдеу барысында көмек көрсету, мүгедектік тобын анықтау, дәрілермен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуға ықпал ету, жұмыс орнында орын алған қайғылы оқиғаны зерттеу мәселелеріне қатысты болды. 

«Varus Trade» ЖШС директоры Айгүл Әбдуалиева Астанада жаңа туған сәбилер мен 15 жасқа дейінгі балаларды оңалтуға, емдеу мен ерте кезеңде диагностикалауға арналған балалар неврологиялық орталығын ұйымдастыру мәселесін айтты.

Тамара Дүйсенова бұл сұрақтың өте маңызды екенін атап айтып, ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Айгүл Тастановаға Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірлесе отырып қарастыруды, сондай-ақ, ағымдағы жылғы 20 тамызға дейін аталған мәселе бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

Министр барлық өтінімдерді қарастырып, әрқайсысына толыққанды жауап берді. Шешімі белгілі бір уақытты талап ететін мәселелерді Тамара Дүйсенова өз бақылауына алып, ҚР ДСӘДМ комитеттері, құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.




Яндекс.Метрика