Халықаралық интеграция

Қазақстан, Корея және Беларус арасында кеңістіктегі деректің еуразиялық инфрақұрылымы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Кеңістіктегі деректің Еуразиялық инфрақұрылымы бойынша конференцияда Қазақстан, Корея және Беларус арасында кеңістіктегі деректің еуразиялық инфрақұрылымы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы27 Шілде , 18:29

Кеңістіктегі деректің Еуразиялық инфрақұрылымы бойынша конференция барысында Корея Республикасының географиялық ақпараттың ұлттық институты, Қазақстан Республикасының «Зереде» ҰИХ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы, ҚР ұлттық картография және геодезия қоры және «Белгеодезия» топографиялық-геодезиялық республикалық унитарлық кәсіпорны арасында кеңістіктегі деректің еуразиялық инфрақұрылымы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Естеріннізге сала кетейік, Астана қаласында  Кеңістіктегі деректің Еуразиялық инфрақұрылымы бойынша конференция өтуде. Конференция жұмысына геоақапараттық жүйе саласындағы жетекші сарапшылар, геоақпарат компанияларының шетелдік және отандық өкілдері, меморган өкілдері мен АҚШ, Канада, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Корея, Ресей, Беларус, Моңғолияның бизнес-нарықтары қатысуда. Конференцияны «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ мен «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК»АҚ болды.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика