Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда 2017 жылы экспорттық-импорттық операциялар бойынша «бірыңғай терезе» ұстанымы енгізіледі

Қазақстанда 2017 жылы экспорттық-импорттық операциялар бойынша «бірыңғай терезе» ұстанымы енгізіледі, деп хабарлады Кедендік сала жанындағы методологиялық басқарма жетекшісі Жанат Шаимов Астанадағы брифинг барысында.
Астана қаласы27 Шілде , 18:02

«Қазақстанда 2017 жылы экспорттық-импорттық операциялар бойынша  «бірыңғай терезе» ұстанымы енгізіледі.   Бірыңғай терезе – ақпараттық жүйенің топтамасы, ол сыртқы экономикалық қызметтің немесе мемлекеттік органның қатысушыларынан өтініш алуға мүмкіндік береді. Енді қатысушылар барлық орындарға бармайды, олар үшін барлығын ақпараттық жүйе  тіркеу мен өзге меморган жүйесінің жаны арқылы істі шешеді», - деді Ж.Шаимов.

Оның айтуынша, «Бірыңғай терезе» механизмі бірқатар топтаманы жүзеге асырады.

«Біріншіден,  «е – рұқсат беру» рұқсат беру мен лицензиялар мен «экспорттық-импорттық операциялар бойынша  «бірыңғай терезе»  интеграцияланады. Екіншіден,  «бірыңғай терезе»  ұстанымының талапытарын орындау,  үшіншіден,  ұйымдастырушылық-техникалық  қысымның «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен  түйісуі», - деді ол.

Айта кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 38 қадамы аясында «бірыңғай терезе»  ұстанымын енгізу қарастырылған. Электронды декларациялаудың жүйесін дамыту  қарастырылған. Экспорт пен импорт  үшін құжаттарды қысқарту қарастырылған.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика