Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Елордада 40-тан астам жұмыс беруші сауда және экономика салаларындағы бос жұмыс орындарын ұсынды

Астанада сауда және экономика саласына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шара Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы27 Шілде , 19:13

Шара барысында 40-тан астам жұмыс беруші сауда және экономика салаларындағы бос жұмыс орындарын ұсынды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты жоғары және орта оқу орындары түлектерінің арасында жұмыссыздықты азайту болып табылады. Шара сауда және экономика саласындағы жас мамандарға жұмысқа орналасуға көмектеседі.

«Бұл жастар үшін осы саладағы бос орындар туралы мәлімет алудың мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ, ол өз орнын таба алмай жүрген, қандай да болмасын бір себептермен мансап құра алмағандар және түлектер мен студенттер сияқты жұмыс іздеушілер үшін де тиімді», - дейді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ жұмыспен қамту және кәсіби бағдарлау бөлімінің басшысы Айдана Мұсатаева.

Еске салайық, «Астана жастары» ресурстық орталығы елордада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін құрылған. Орталық тегін құқықтық көмек көрсетеді, волонтерлік қозғалыс пен аула клубтарын дамытумен айналысады, сондай-ақ жұмыспен қамтуға және кәсіби бағдарлауға көмектеседі. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика