Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақмыс жарты жыл ішінде 111,6 мың тонна мыс өндірді

2016 жылдың 1 тоқсанындағы есеп бойынша «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС катодтық эквивалентті есеппен 111,6 мың тонна мыс өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 8,3 мың тоннаға (+8%). артық.
Казахстан27 Шілде , 17:14

 Жылдық  есеп  бойынша  алынған кеннің  құрамындағы  мыстың  көлемі 0,94% болды, бұл  өткен  жылғы  2015 жылдың  1 тоқсанындағы кендегі  мыс  көлемінен (0,88%) артық, әрі  жоспарланған көлемнен  де 4 % артық  болды, деп хабарлады ұлттық компания.

«2016  жылдың  1 тоқсанында  Қазақмыстың  байыту  фабрикалары  14,8 миллион тонна кен  өңдеді.Биылғы  жылы «Қазақмыс»  корпорациясы  ЖШС 224,4 мың тонна катодтық  эквивалентті  мыс  өндіруді  жоспарлап  отыр», - делінген хабарламада.

«Бүгінгі таңда әлемдік рынкта мыстың бағасы бір қалыпты деңгейде. Бұл дегеніміз мыстың орташа бағасы 4500 ден 4900 доллар тоннасына.  Біздің негізгі кәсіпорындар тоқсандық өндірістік жоспарды орындап шықты. Қазақмыс компаниясы үшін ең жауапты мәселе өндірістік қауіпсіздік», – деп мәлімдеді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышев. 

 




Яндекс.Метрика