Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ақмола облысының жергілікті полиция қызметінің автопаркі 62 жаңа автомобильмен толықты (ФОТО)

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне 62 жаңа қызметтік көліктің кілтін тапсырды.
Ақмола 27 Шілде, 17:39

Оның ішінде 32 автомобиль «Бөлімшенің үздік полицейі» және «Үздік учаскелік инспектор» байқауларының жеңімпаздарына берілді. Олардың жетістіктері өзгелерге үлгі болуы керек, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Әкім атап өткендей, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғау бойынша қойылған міндеттерді орындау үшін облыстың жергілікті полиция қызметіне 62 қызметтік көлік алуға биыл облыстық бюджеттен 300 млн. теңге бөлінген.

«Жалпы 2016 жылы материалдық-техникалық базаны көтеруге және қолдауға 500 млн теңге бөлінді. Барлық салалар бір қолдың саласындай бірігіп жұмыс істеулері қажет. Қазіргі уақытта бізге барлық жерде тәртіпті қадағалауда үлкен жауапкершіліктер жүктеліп отыр. Біз халықпен тікелей жұмыс істеуіміз керек. Құрметті полицейлер сіздер халыққа жақын болып,и ауылдық округ әкімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, деп сенемін»,-деді С.Кулагин.

Еске сала кетейік, жергілікті полиция қызметі Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» «Заң үстемдігін қамтамасыз етудің» екінші бағыты аясында құрылған болатын. Оның негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігі мен құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету. 





Яндекс.Метрика