Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астана станциясында жеті шақырым жол жөнделді – ҚТЖ

Астана станциясындағы сұрыптау дөңесінде жеті шақырым жол жөнделді. Оны жөндеу жұмыстарына пойыз қозғалысын жеті күнге «терезе» арқылы тоқтату әдісі ұсынылды, деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Шілде , 15:21

Жөндеу жұмыстарына Астана ірілендірілген жол дистанциясы, Шу және Қырқыншы машиналандырылған жол дистанцияларының бригадалары  тартылды. Аса күрделі технологиялық  үдерістер соңғы үлгідегі «Жейсмар»,«Duomatic» фирмаларының машина кешендерімен атқарылды.

«Жұмысты белгіленген кестеге сай сапалы атқару үшін алдын ала қиыршық тастар мен темірбетон шпалдары жеткізілді. Қиыршық  тас Вишнев қиыршық зауытынан әкелінсе, темір бетон шпалдары Сарыоба- Қырқыншы басты жолдарынан алынды»,-дейді Астана ірілендірілген жол дистанциясының колонна бастығы Николай Забара. Қазіргі таңда көрші жолдарды жөндеу үшін  жеті тәуліктік «терезе» ашылды.   Астана станциясындағы сұрыптау дөңестерінің инфрақұрылымдарын жаңғырту арқылы жүк вагондарын өткізу қарқын алып, қозғалыс қауіпсіздігі жақсаратын болады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика