Халықаралық интеграция

Бейжіңде Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығының басымдылықтары талқыланды (ФОТО)

Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимовпен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 27 Шілде, 14:53

Кездесу барысында, тараптар ү.ж. маусымдағы ШЫҰ саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен көтерілген 2016-2017 жылдардағы Қазақстанның төрағалығының басымдылықтарын ілгерілету жолдары мен түрлері талқылады.

Ұйымдағы Қазақстанның төрағалығы шеңберіндегі негізгі іс-шаралар бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясының «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өзара әрекет ету» резолюциясын дайындау және қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды.

2017 ж. маусымда Астанада өткізілуі жоспарланғанШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын жоспарлы және жүйелі дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Елшілігі мен ШЫҰ Хатшылығының бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау және бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Ш. Нұрышев сұхбаттасын «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы ақпараттандырды және алдағы іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу соңында ШЫҰ-ның Бас хатшысы Ұйымның қызметін айтарлықтай белсендетуге және оның халықаралық аренадағы рөлі мен орнын жоғарылатуға әрекет ететін ҚР төрағалығы және алдағы Астанада ШЫҰ саммиті сәтті өтетініне сенім білдірді.





Яндекс.Метрика