Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

А.Қазкенов: Қазақстанда кеңістіктегі деректің Ұлттық инфрақұрылымы құрылады (ФОТО)

Қазақстанда мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен бизнесте, сонымен қатар, азаматтық тұлғалармен оңтайлы қолдану мақсатында кеңістіктегі деректің Ұлттық инфрақұрылымын құру жоспарланған, деп «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төраға кеңесшісі Алан Қазкенов кеңістіктегі деректің Еуразиялық инфрақұрылымы бойынша конференцияда мәлім етті.
Астана қаласы 27 Шілде, 13:26

«Жобаның жүйесі процесті құруға, сақтауға, жаңарту мен кеңістіктегі деректің базаларын айырбастауға бағытталған. Кеңістіктегі деректің негізгі тобы іргелі, негізгі, салалық, тақырыптық қабаттар, сонымен қатар, метадеректер, анықтамалықтар, регистрлер және сыныптауыштар»,-деді ол.

Кеңесшінің айтуы бойынша, жобаны әзірлеу барысында кейбір базалар мен кеңістіктегі деректер таңдалды. Бұл ауданды геодезиялық қамтамаыз ету, ғарыш деректерінің негізінде мозайканы біржолғыға төсеу, мемлекеттік шекара, әкімшілік бөлудің аумағы, елді мекендер, жол желісі,гидрография, өсім, жер бедері мен геграфиялық атау.

«Кеңістіктегі деректер 2-3 жылда жерді қашықтықта зондтаудың мониторингтік  деректері, топографиялық карталардың аэрофотосуреттері мен цифрлауы негізінде жаңартылып отырады. Деректерді қолдануға болады, сонымен қатар, қалалық және жердің кадастрларын құрған жағдайда, табиғи апаттарды, экологияны мониторинг жасаған кездері, су ресурстарына мониторинг кезінде, ауыл және орман шаруашылығанда, елді мекендерді құрған жағдайда қолдануға болады»,-деді А. Қазкенов.

Сонымен бірге, сарапшы жобаның жанама әсері жылына 7,9 млрд теңге деңгейіне есептелгендігін, ал әлеуметтік әсер – кеңістіктегі деректің қолжетімдігі мен жаңа жұмыс орнына есептелгендігін айтып өтті.

«Деректер жинау және олардың құнын төмендету бойынша жұмысты қысқарту, деректер сапасын жақсарту және  олардың сәйкестігін қамтамасыз ету»,-деді ол.

Сонымен қатар, кеңесшінің айтуы бойынша, жобаның негізінде Қазақстан ЕАЭО елдерімен ынтымақтастық жасау мүмкіндіктерін қарастыра алады.

«2017 жылға арналған жұмыс жоспары – бұл кеңістіктегі деректің Ұлттық инфрақұрылымына талаптарды анықтау, сонымен қатар, жобаның қаржы кескіні, жобаны іске асырудың жоспарын құру, сонымен қатар, жобаның заңнамалық нормативтік базасын құу»,-деді А. Қазкенов.  

Айта кетейік, Астана қаласында  Еуразиялық инфрақұрылымның кеңістіктік деректері бойынша конференция өтуде. Конференция жұмысына геоақапараттық жүйе саласындағы жетекші сарапшылар, геоақпарат компанияларының шетелдік және отандық өкілдері, меморган өкілдері мен АҚШ, Канада, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Корея, Ресей, Беларус, Моңғолияның бизнес-нарықтары қатысуда. Конференцияны «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ мен «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК»АҚ болды.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика