Басқару

В. Рычков: Әскери гарнизондардан келетін қылмыстық істердің төмендегені байқалып отыр

Осы өткен жарты жылдың көрсеткішін өткен жылмен салыстырсақ, әскери гарнизондардан келген қылмыстық істердің төмендегені байқалып отыр, деді ОКҚ брифингінде ҚР Әскери сотының судьясы Владимир Рычков.
Астана қаласы27 Шілде , 13:12

«Қылмыстық істердің қарастырылған ортақ есебінен әскери қылмысқа байланыстылар басымдық танытып отыр: бұйрықты бұзу, әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынас, билікті шамасынан тыс қолдану», - деді  ҚР Әскери сот төрағасы Сәкен Абдуллаев.

Өз кезегінде, В.Рычков  жарты жылдың көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда  әскери гарнизондардан келген  қылмыстық істердің  төмендегені байқалғанын айтып өтті.

Биылғы жылдың 6 айында 101 тұлға, 2015 жылы 171 тұлға болды. Жалпы, 2016 жылы  121 қылмыстық іс келіп түсті, өткен жылы бұл көрсеткіш 154 істі құраған болатын.

«Бұл бірінші кезекте, әскери бөлімшелердегі алдын алу жұмыстарының жүргізілгендігін көрсетеді. Сондай-ақ, әскери полиция мен әскери прокуратура  тарапынан да алдын алу шаралары атқарылды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика