Білім беру

Астана оқушыларының біріңғай мектеп формасына көшуі қаланың ата-аналар қауымдастығында талқыланатын болады

Астана оқушыларының біріңғай мектеп формасына көшуі қаланың ата-аналар қауымдастығында талқыланатын болады, деп хабарлады Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев жаңа оқу жылына дайындық бойынша өткен брифингте.
Астана қаласы27 Шілде , 13:04

«Міндетті мектеп формасын енгізу жалпымектептік ата-аналар жиналысында қабылданатын болады. Білім басқармасы жеткізушілерді таңдауға, форманың түсі мен үлгісіне ешқандай да қатысы болмайды. Мұның барлығы ата-аналар кеңесімен, алқалы түрде хаттамамен таңдалады. Бүгінгі таңда 75 мектепте міндетті мектеп формасы енгізілді»,-деді ол.

Оның айтуынша, асанада біріңғай мектеп формасына ауысу әлі шешілген жоқ.

«Біз бұл мәселені қаланың ата-аналар қауымдастығымен бірге талқылайтын боламыз. Егер олар қолдаса көшеді, қолдамаса әркім өз мектеп формасында қала береді. Мен өзім қалалық кеңеспен кездесіп, бұл мәселені талқылайтын боламын. Онда тек мектеп формасы ғана емес, басқа да мәселелер талқыланады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика