Білім беру

Қ.Сенғазиев: 2016-2017 оқу жылдары елорданың оқушылары оқулықпен 100% қамтылады

2016-2017 оқу жылдары елорданың оқушылары оқулықпен 100% қамтылады, деп хабарлады Астана қаласының білім беру басқармасының жетекшісі Қасымхан Сенғазиев жаңа оқу жылына арналған брифинг барысында.
Астана қаласы27 Шілде , 12:46

«1 қыркүйекке таман көп мәселе оқулық бойынша туындайды деп күтілуде. 129 мың оқушы 100 пайыз оқулықпен қамтылады. Баспалар оқулықтарды шығарды, біз тендер ойнатып, 10 тамызға  дейін жеткізу мәселесі бойынша келісім орнатып жатырмыз. 10 тамыздан кейін оқулықтар сынып жетекшілері арқылы тартылады. Кітапты сатып алу, ұзынсонар кезекте тұру деген мәселе тумайды. Ертең біз жеткізушілермен мәсмелені шешеміз. Тағы қайталаймын, оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылады», - деді Қ.Сенғазиев.

Оның айтуынша, тамыздың соңында пайда болатын кезектер оқулықтарға қосымша қажетті дәптер алуға қатысты туу мүмкін.

«Егер де бір ата-ана болсын кітаппен қамтылмаса, маған білім беру басқармасына келе алады, немесе 550562 телефонына кітап беру туралы айтса болады. Біз бұл сұрақты бірден шешеміз», - деді ол.

Айта кетейік, баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 1-ші сынып оқушыларына, 4-сынып оқушыларына ағылшын тілінен, 8-9 сыныптардың оқулықтары алынды.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика