Білім беру

Қ.Сенғазиев: Астанада бірінші сынып оқушыларының бес күндік оқуға көшуі проблемалық мәселе болмайды

Астанада бірінші сынып оқушыларының бес күндік оқуға көшуі проблемалық мәселе болмайды, деп Астана қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қасымхан Сенғазиев 2016-2017 жаңа оқу жылдарына дайындық бойынша брифингте мәлім етті.
Астана қаласы27 Шілде , 12:27

«2016-2017 оқу жылдарында 94 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейтін болады, оның ішінде 83-і мемлекеттік және 11-і жеке мектептер. 129 мыңнан астам оқушылар келеді деп күтілуде, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 12 мың оқушыға көп. Білім берудің жаңа мазмұнына көшуіне орай, бірінші сыныпқа 6-7 жастағы балалар қабылданады. Болжаммен 1-ші сыныпқа 20972 балануы қабылдау жоспарлануда, оның ішінде 12802-і қазақ тілді, 8170-і орыс тілінде оқиды»,-деді Қ.Сенғазиев.

Астана қаласының білім беру бөлімінің басшысы сөз барысында 1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушыларын бес күндік оқуға көшірту жоспарланып жатқандығын айтты. 2017 жылы – 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8 сыныптар, 2019 жылы – 9,10,11 сыныптар.

«Астанада бірінші сынып оқушыларының бес күндік оқуға көшуі проблемалық мәселе болмайды. Өйткені жыл сайын біздің бірінші сыныптар бес күндік оқумен оқыды»,-деді ол.

Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын сапалы түрде енгізу үшін НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының базасында және «Өрлеу» біліктілік сапасын арттыру институты базасында мұғалімдерді дайындау жұмыстары өткізіліп жатыр.  

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курсты бастауыш сыныптың 416 мұғалімі, 103 пәнді жүргізушілер өтті. Тамыз айында 530 мұғалім оқытылудан өтеді»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика