Мәдениетті жаңғырту

ОҚО-дағы би ансамблі халықаралық фестивальден жүлделі оралды

ОҚО-дағы «Қазына» би ансамблі халықаралық фестивальден жүлделі оралды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Әлемде 27 Шілде, 20:36

Осы жылдың 23-25 шілде аралығында Болгария Республикасының астанасы София қаласында өткен халықаралық «Витоша» халық билері фестиваліне еліміздің атынан қатысқан халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Қазына» би ансамблі жүлделі ІІ орынды иеленді.

11 мемлекет қатысқан би фестивалінде І орынды Корея, ІІІ орынды Колумбия мемлекеттері алған.

Сонымен қатар, «Қазына» би ансамблі «Тұмар» фольклорлық ансамблімен бірігіп, тамыз айының 4-6 аралығында Аустрия Республикасының Клагенфурт және Филлах қалаларында өтетін «Villacherkirchtag» фольклорлық фестивалінде өнер көрсетеді.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика