Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда кеңістіктегі деректер саласында мемқызметтерді автоматтандыруды жоспарлауда (ВИДЕО)

Қазақстанда геоақпараттық жүйе көмегімен кеңістіктегі деректер саласында мемқызметтерді автоматтандыруды жоспарлауда, деп Road Show жобасының «Зерде» ҰИХ» АҚ Road Show жобасының Ұлттық геоақпарат жүйесінің менеджері Қуат Сағадиев Астанада өткен кеңістіктік деректердің Еуразиялық инфрақұрылымның кеңістіктегі деректері бойынша конференция барысында мәлім етті.
Астана қаласы 27 Шілде, 11:46

«Адамдар жер учаскілерін алуда, өз үйлерін рәсімдеуде, біреулер жөндеу жұмыстарын  бастап, техникалық қызмет алуда және тағы басқалар, яғни кеңістіктік деректерге байланыстьы қызметтің көп түрі бар. Қазір оның барлығы қағаз ретінде жасалады, адамдар кезекпен барады, мөр жинайды, ал ендігі күні оның барлығы электронды түрге ауысады, сонымен қатар, бұрынғы мекен-жай анықтамасы,  жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы мекен-жай бюросынан алды, оны 15 күн күтті және тағы басқалар, ал бүгінгі күні оның барлығын үйден шықпай-ақ электронды үкімет арқылы 15 минуттың ішінде жасап шығуға болады»,-деді ол.

Осылайша, жоба жер қарым-қатынасы, архитектура, құрылыс, ауыл шаруашылығы,  қаланы дамыту, қоршаған орта, ТКШ саласында ақпарттық деректермен байланысқан бірқатар мемқызметті автоматтандырады.

«Егер жер учаскісін рәсімдеу немесе техникалық қызмет алу сынды жағдай туындайтын болса, оның барлығын болашақта электронды түрде алуға болады, яғни, тез арада электронды карта басып шығарылады немесе ғарыш кескіні»,-деді сарапшы.

К.Сағадиевтің айтуы бойынша, кеңістіктік деректер саласында мемқызметті қысқарту үшін геоақпараттық жүйе көмегімен аталмыш саланы тиімді ету керек.

Сонымен қатар, К. Сағадиев сөз барысында жобаға қатысу үшін әлемнің джәне Қазақстанның түрлі компаниялары шақырылатындығын айтып өтті. Жобаны МЖӘ механизмі бойынша  дамыту жоспарланған.

Айта кетейік, Астана қаласында  Еуразиялық инфрақұрылымның кеңістіктегі деректері бойынша конференция өтуде. Конференция жұмысына геоақапараттық жүйе саласындағы жетекші сарапшылар, геоақпарат компанияларының шетелдік және отандық өкілдері, меморган өкілдері мен АҚШ, Канада, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Корея, Ресей, Беларус, Моңғолияның бизнес-нарықтары қатысуда. Конференцияны «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ мен «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК»АҚ болды.

Индира Қауметова

Азамат Алиев





Яндекс.Метрика