Инвестициялар

2015 жылы ауыл, орман және балық шаруашылықтарына 70 млн доллардан астам инвестиция тартылды

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2015 жылы ауыл, орман және балық шаруашылықтары 71,2 млн АҚШ долларымен инвестицияланды, деп хабарлады ««KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ.
Астана қаласы27 Шілде , 11:24

«ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2015 жылы ауыл, орман және балық шаруашылықтары 71,2 млн АҚШ долларымен инвестицияланды», - деп хабарлады агенттік.

KAZNEX INVEST бұрын инвесторларға тамақ өндірісіне қаржы салуды ұсынған болатын.

Компанияның басқарушы директоры Ерлан Мұратовтың айтуынша, Қазақстан үшін өндіріс саласында қайта өңдеу басты іс болып табылады. Бұл бағыт индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында көзделген.  

«Біз Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы жағдайды, санкция режимін пайдалануға тырысамыз. 2014 және 2015 жылдары өз өнімдерін Ресей нарығына экспорттаған ірі компаниялар тауарбастылықты бастан кешіп, енді үлкен нарыққа шығай мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Сондықтан қазір біз инвесторларға барлық Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы территорияларда өз жобаларын дамытуларын ұсынып отырмыз»,-деді Е.Мұратов.

Тамақ өнеркәсібінен мол пайда табуға болатынын атап өтті ол.

«Бізде бәрі өседі, өзімізге жетеді, бірақ, өнімді қайта өңдеуде үлкен мүмкіндіктер бар»,-деп атап өтті Е.Мұратов.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметіне сәйкес, шетелдік инвесторлар үшін құс еті, сиыр еті, көкөніс нарығы, алма, майлы дақылдар негізгі атқару керек жұмыс болып тұр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика