Халықаралық интеграция

ЭЫДҰ Қазақстанды өзінің Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қабылдады

Қазақстанның монополияға қарсы комитеті Экономикалық Ынтымақтастық және даму Ұйымының (ЭЫДҰ) Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды. Дауыс беру 2016 жылғы 17 маусымда өтті. Қазақстанның бәсекелестері соңғы кезеңде Хорватия және Филиппин, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде27 Шілде , 10:29

Қазақстан Орталық Азияда Бәсекелестік жөніндегі ЭЫДҰ комитетінің мүшесі болған алғашқы ел болып  табылады.

Қазақстанның ЭЫДҰ бәсекелестік жөніндегі комитетіне кіруі озық тәжірибені иелену және үздік бәсекелестік  практикаларын енгізу, әлемнің аса дамыған елдерімен интеграцияны күшейту мүмкіндігін ашады.   ЭЫДҰ қолда бар орасан зор зерттеу және талдау материалдарына шексіз қол жеткізу ықтимал қателіктерді болдырмауға және монополияға қарсы реттеу жүйесін реформалау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бәсекелестік жөніндегі комитет қатысушысы мәртебесі – бұл монополияға қарсы органның жоспарлы жұмысының нәтижесі. Монополияға қарсы комитет   Бәсекелестік жөніндегі комитеттің барлық талаптары мен ұсынымдарын таңдап алды.

ҚР Бәсекелестік құқық және саясатқа шолу нәтижелері (Шолу) ЭЫДҰ алғаш рет 2015 жылғы қазанда Париж қаласында ЭЫҰД Бәсекелестік жөніндегі жаһандық форумында таныстырылды, шолу бойынша ресми баяндама үстіміздегі жылғы 25 мамырда  IX АЭФ ұсынылды, онда ЭЫҰД сарапшылары Қазақстанды бәсекелестік заңнамасы қарқынды дамып отырған елдердің қатарында атады.    

Әлемдік үдерістерді ескере ала отырып, Қазақстан үшін жаһандық экономиканы қалыптастыруға әсер ететін осы ұйымның бір бөлігіне айналу өте маңызды.  Мемлекеттік органдардың әрқайсы нәтижесінде Қазақстан ЭЫҰД толыққанды мүшесі болуы үшін бейіні бойынша өзінің жұмысын жүргізеді. Қазақстан Республикасының мақсаты – бәсекелестік мәселелерінде ЭЫҰД қағидаттары мен стандарттарына сәйкес келуі,  бұл еліміздің тауар нарықтарында бәсекелестіктің, атап айтқанда ЕАЭО және ДСҰ ауқымды бәсекелестіктің бәсекеге қабілеттілігі  үшін жетілдірілген жағдайларды құруды білдіреді. Нарықтық экономикадағы бәсекелестік – тұтастай алғанда еліміздің өнімділігі, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі, экономикалық дамуы үшін қуатты драйвер.

Шын мәнінде бәсекелестік саясаттың тарихында реформаторлық  деп 2014-2016 жылдар аралығын айтуға болады, ол кезде маңыздылығы бойынша бизнестің дамуы және интеграция жағдайларына оңай бейімделуі үшін «Барлығы бизнес жұмысын жеңілдету үшін!» деген ұранмен монополияға қарсы заңды либеризациялау.

Бәсекелестік саясатта нарық субъектісі – бизнес өкілі, оның мүдделері мен дамуы басты орында болды.

Жүргізіліп отырған жұмыстың негізі «Жүз нақты қадам»  5 институционалдық реформа шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмалары. Онда монополияға қарсы қызмет жұмысының тұжырымдамасын өзгертудің  және оны ЭЫҰД стандарттарына сәйкес келтіру қажеттілігі,сондай-ақ монополияға қарсы қызметті күшейту және монополияға қарсы орган жұмысының мәртебесін мен тәртібін регламенттеу жөніндегі Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауының міндеті айқындалған.

Заң шығару жұмысы екі кезеңге бөлінген болатын. Өзгерістер үшін Шолу негіз болды.

І кезеңде (2015) – базалықта монополияға қарсы орган жұмысының тұжырымдамасын өзгерту жөніндегі монополияға қарсы заңнамаға ауқымды өзгерістер енгізілген болатын. Осы жұмыс шеңберінде Кәсіпкерлік кодекске «Бәсекелестік туралы заң» имплементацияланды, сондай-ақ бірқатар жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Практикада кәсіпкер ең алдымен бизнес-ахуалдың жақсарғанын көреді. Монополияға қарсы органның жаңа тұжырымдамасы – кәсіпкерге айыппұл салмау, бәсекелес заңнаманы бұзушылықтардың маңызды салдары туралы хабардар ету және ескерту екендігін түсіну маңызды.  

II кезеңде (2016) монополияға қарсы органды күшейтуге, оның мәртебесін және жұмыс тәртібін регламенттеуге, сондай-ақ жекелеген нормаларды пысықтауға бағытталған нақтылаулар көзделген. 2-заң шығару пакеті қазір ҚР Парламентінде.

Қазақстанның қазіргі заманғы кезеңдегі бәсекелестік саясаты өзінің дамуында еркін нарық және мемлекеттің араласуын мүмкіндігінше азайту қағидаттарын ұстануда көрінеді. Енгізілген жаңалықтар алдымен нарықтың тиімділігін арттыруға жәрдемдесті және жұмыстың екі жылдық циклының басты қорытындыларының бірі монополияға қарсы реттеу - монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаларды белгілеумен байланысты бұзушылықтардың жолын кесу, картельдермен күресті күшейту, сатылас келісімдердің жолын кесу  құралдарын енгізумен мемлекеттік баға реттеуден нарықтық баға реттеуге  көшу  болады.

Бәсекелес саясатты сәтті жылжытудың куәсі  монополиясыздандыру  жөніндегі қабылданған шаралар қаншалықты тиімді  болып табылатындығы және инвестициялау және бұл жерде шынайы дамыту үшін «ашық»  орындар түрінде  бизнес үшін жасалған мүмкіндіктер болып табылады.  Бұл көрсеткіштер сондай-ақ ЭЫД/Ұ үшін  маңызды  болып табылады.

Бәсекелестіктегі барлық жаңа  ережелер  даму үшін  үлкен әлеуетке ие және  бизнесті қолдауға бағытталған.

Айта кетейік, тұтастай алғанда ұйымға 35 мемлекет кіреді, олардың көбі – ЕО мүшелері: Германия, Швеция, Швейцария, сондай-ақ АҚШ, Жапония,  Австралия. ЭЫДҰ мүше мемлекеттердің әлемдік  ІЖӨ үлесі 60% жуық. Бәсекелестік жөніндегі комитетке 35 толыққанды мүше және қосымша 15 қатысушы мемлекет кіреді.




Яндекс.Метрика