Өңірлер

Павлодар облысында жарты жыл ішінде 625 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

Аймақта алғашқы жартыжылдықта 625 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілген, физикалық көлем индексі 100,2%-ды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар27 Шілде , 09:38

«Бұл республикалық көрсеткіштен 1,8%-ға артық», - деп атап өтті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ирина Назарчук. « Статистикалық деректер бойынша, өнеркәсіп ФКИ-і соңғы рет 2014 жылдың бірінші тоқсанында 100%-дан артық болған».

Сонымен қатар, облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды: бүгінгі таңда қаржыландырудың барлық көздері есебінен 73 мың шаршы метрден астам тұрғын үй енгізілді, бұл 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 1,7 есе артық. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 160 мыңды құрайды деп жоспарлануда.

«Павлодарда 240 пәтерлік үш үй тапсырылды, «Сарыарқа» шағын ауданында 370 пәтерлік төрт жаңа үйдің құрылысы жалғасуда», - деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан. ««Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Ұлттық қор қаражаты есебінен Качир және Лебяжі аудандарында екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, биылғы жылы дағдарысқа қарсы қосымша іс-шаралар аясында құнды қағаздар шығарудан түскен қаражат есебінен облыс орталығының «Сарыарқа» кешенінде тағы үш тұрғын үй, Екібастұз және Ақсу қалаларында тағы бір-бір үйден салу жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны 2,8 млрд. теңге, 374 пәтер тапсырылмақ».

Облыс бойынша жалпы өсімге қарамастан, кей аудандарда көптеген көрсеткіштер бойынша құлдырау бар. Облыс әкімі Шарбақты, Баянауыл және Ертіс аудандарын осал деп таныды. Олар бойынша Болат Бақауов ескерту жариялау туралы бұйрық әзірлеуді тапсырды.

Аймақ басшысы мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі бойынша атқарылған жұмыстарды сынға алды, ол жұмыстар тек қағаз жүзінде ғана бар.

«Біз үнемі осы тақырыпты талқылаймыз, заңдарға, заңға сәйкес актілерге сүйенеміз, ұзақ процедуралар туралы айтамыз», - деп мәлімдеді әкім. « Шын мәнінде ешкім де мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі механизміне мұқият көңіл бөлген емес! Біз барлық кәсіпкерлерге осы мәселе жөнінде кеңірек ақпарат беруіміз керек. Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі жобаларының республикалық деңгейде танылуы міндетті емес, басты міндет – бюджетті жеңілдету».

 

 

 




Яндекс.Метрика