Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Н. Нығматулин Украина Жоғарғы Радасының төрағасы В. Рыбакпен кездесті

Санкт-Петерборда парламентаралық шараларға қатысу барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Украина жоғарғы радасының төрағасы Владимир Рыбакпен кездесті, деп Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде28 Қараша , 18:56

Тараптар Қазақстан мен Украина басшыларының екіжақты келіссөздерінің арқасында көп бағыттар бойынша жетістіктерге қол жеткізгендігін атап өтті.

Нұрлан Нығматулин, сонымен қатар, Қазақстан Украинамен  экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтуға қызығушылық білдіргенін айтты.

Нұрлан Нығматулин мен Владимир Рыбак екіжақты ынтымақтастықтың дамуында парламентаралық түсінушілік үлкен рөл атқаратындығын айтып өтті.

Қазақстанның Парламент Мәжілісінде Украинамен ынтымақтастық жүргізетін жұмыс тобы қызмет етеді.

 Қазақстандық және украиндық парламентарилер салалық комитеттер мен фракциялар арасында сапарлар жасау бойынша келісті. 




Яндекс.Метрика