Өңірлер

ОҚО-да құрылысы жүріп жатқан нысандардың барысын online көруге болады

Облыс әкімі Б.Атамқұловтың тапсырмасына орай жасалған бейне бақылау камералары өңірдегі 39 әлеуметтік нысанға орнатылып отыр. Алдағы уақытта мұндай бейне бақылау құрылғылары құрылысы жүріп жатқан 16 ғимаратқа қойылмақ, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область27 Шілде , 08:52

Бұл жұмыстардың мақсаты облыс басшылығының кез келген уақытта кез келген аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектеп пен балабақшаның сапасы мен жүріп жатқан жұмыстардың барысын қадағалау үшін жасалған.

Айта кетейік, Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың онлайн көрсетілімін Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтынан көруге болады. Ол үшін интернет ресурстың басты бетіндегі «Бейнебақылау» айдарына еніп, құрылыстың барысын виртуалды түрде бақылай аласыз.  

Құрылғыларды орнатудың тағы бір артықшылығы, құрылыс нысандары аяқталған соң орнатылған камералар мекемелердің еншісінде қалады. Бұл өз кезегінде, ондағы қауіпсіздікті сақтап, бақылауда көмек болары сөзсіз.

Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, мемлекеттік органдардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы ғана сапалы құрылыс жұмыстарын орындау үшін осындай жаңалық ашып, қолданысқа енгізіп отыр. 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика