Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ТКШ, білім, санэпидемқадағалау жемқорлыққа жақын салалар болып табылады – ҚР МҚІМ

БАҚ-ң пікірінше ТКШ, білім, санэпидемқадағалау, денсаулық сақтау, ақпараттандыру және байланыс салалары жемқорлыққа жақын болып келеді, деді ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Айгүл Шаимова 2016 жылдың қортындысына арналған кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы27 Шілде , 09:21

«Мемлекеттік органдардың жүйелік кемшіліктері көбінесе процедураларды толық орындамау, дискрециялық құзырет пен мүдделер кикілжіңі болып табылады. Сонымен қатар, жемқорлық халықпен және бизнеспен байланыс жасаған уақытта орын алады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсеткенде және бақылау шараларын жүргізгенде болатын жағдайлар. Бұл жұмыстардың қортындысы – жемқорлыққа итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жолдарын қарастыруды ұсынады»,-деді А.Шаимова.

Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау шеңберінде жемқорлыққа қарсы мониторинг институты заңмен енгізілген. Ондағы мақсат тәжірибеде құқық қолдануды бағалау.

Вице-министрдің айтуынша, кабинеттен шықпай-ақ, керекті деректерді меңгеріп, ұсыныс дайындауға мүмкіндік болады. Осылайша, қажетті деректер зерттеліп, оған ұсыныс дайындалады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика