Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы 30%-ға аяқталды (БЕЙНЕ)

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы 30%-ға аяқталды, деп «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ жалпы мәселелер бойынша вице-министрі Ерболсын Нұрсейітов арнайы баспа-туры барысында мәлім етті.
Астана қаласы 26 Шілде, 17:26

«Біз құрылыс алаңындамыз, бұл жерде ғарыш кемесінің құрастыру кешенінің құрылысы жасалуда және ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының құрылысы жасалуда. Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының мекемесі 80 пайызға және Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы 30 пайызға аяқталды. Жабдық Еуропада дайындалған. Қыркүек айына дейін бұл жабдықтар Астанаға жеткізіледі деп жоспарлануда. Құрылыс жұмысы «Құлагер» және «Airbus» француз компанияларымен бірге жасалуда»,-деді Е.Нұрсейітов.  

Оның айтуы бойынша, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы 100 кг-дан 6 тоннаға дейін ғарыштық аппараттарды өндіретін болады.

«Зауытта жұмыстың кезеңі құрылғының идеясынан оны пайдалануға дейінгі шешімге дейін өтетін болады, оның өндірісіне 3 жылдан астам уақыт кетеді. Бұл спутниктер тікұшақпен Байқонырға жеткізілетін болады және ресейлік әріптестермен бірге ғарыш аппараттарын іске қосатын боламыз. Сонымен қатар, қазіргі заманға сай сынау құрылғылары болады- акустикалық камера, жылу вакуумдық камера,  механикалық сынақтардың түрлері. Бұл ТМД-ғы алғашқы ғарыштық аппараттың зауыты. Зауыттың қазақстанды қамтуы 10 пайздан 55 пайызға дейін ұлғайтылған. Егер аппарт 200 млн еуро тұрады деп есептесек, онда оның 50 пайызы Қазақстанның бюджетінде қалатын болады»,-деп түсіндірді ол.

Айта кететін жайт, зауытты пайдалануға 2017 жылдың желтоқсан айында береді деп жоспарлдануда. Оның аясында шамамен 1000 жұмыс орны құрылатын болады, оның ішінде 90-ы инженерлер.

Анар Тәңірқұлова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика