Ұлтаралық бірлік

З. Низамутдинова: Қазақстанда әрбір қалаған адам татар тілін үйрене алады (БЕЙНЕ)

ҚР-да әрбір қалаған адам татар тілін меңгере алады, деді Татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Земфира Низамутдинова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 26 Шілде, 18:09

«Татар-башқұрт этномәдени орталығы 1994 жылы құрылды.  Орталық негізінде мектеп, би және хор ансамблдері, жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ, бізде Каюм Насыр институтының филиалы жұмыс істейді. Онда әрбір қалаған адам татар тілін оқи алады. Бізге жастар көп жүгінеді», - деді ол.

З.Низамутдинованың айтуынша, жексенбілік  мектепте  татар тілін үйрену мен қатар мәдениетті меңгеру 40 балаға жүзеге асырылуда.

Айта кетерлігі, орталық татар және башқұрт мәдениетін дамытып, салт-дәстүрді қайта жаңғырту үшін жұмыс істеп жатыр. Татар-башқұрт этноорталығы қоғамдық өмірге белсене араласады. Олар елдегі ұлттық мерекелер мен мерекелік шараларға барынша атсалысады.

Индира Кауметова

 

 

 

 





Яндекс.Метрика