Өңірлер

Алакөл өзенінің жағасында пансионат ашылды

Алакөл көлінің жағалауында мұқтаж адамдарға арналған «Асар» пансионаты ашылды. Бұл – Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы ашылып отырған тұңғыш демалыс орны, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Астана қаласы26 Шілде , 19:54

Өткен жылғы «Startup «Bolashak» байқауына өз жобасын ұсынып 8 млн. теңге ұтып алған Елдос Баялышбаев осы істі тындыруды қолға алған еді.

Жалпы алаңы 170 шаршы метрден асатын пансионат бір мезгілде 30 адамды қабылдайды.

Оның құрылысын «Жай ғана үй» құрылыс компаниясы жүргізген. Мұнда тренажер залы, инватакси, кедергісіз жол, суда жүзу жаттықтырушылары қызмет көрсетеді.

Жалпы, «Болашақ» қауымдастығы қызметінің бір тармағы – жастар кәсіпкерлігін дамыту. Қауымдастық «Startup «Bolashak» байқауын «Даму» қорымен бірлесіп өткізуде. Жоба әлеуметтік және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған. Өткен жылғы байқаудың бірінші маусымына еліміздің түкпір-түкпірінен 18 бен 29 жас аралығындағы екі мыңнан астам жас қатысқан. Оның жеңімпаздары бүгінде өз кәсіптерін дөңгелентіп, халыққа пайдалы істерді атқарып жүр.

 




Яндекс.Метрика