Ұлттың денсаулығы

Астанада Президент кубогы халықаралық теннис турнирі жалауын көтерді

Бүгін елордалық Ұлттық теннис орталығында Challenger ATP және ITF Women’s сериясындағы «Президент кубогы - 2016» турнирі басталды. Жарысқа 30 мемлекеттің спортшылары қатысады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы26 Шілде , 16:42

Сонымен қатар, Дмитрий Попко, Тимур Хабибуллин, Алексей Кедрюк, Камила Керімбаева, Гозаль Айнитдинова, Александра Гринчишина, Арина Талуенко сынды спортшылар ел намысын қорғайтын болады.  

«Биыл бәсекелестік күшті болады. Ресей құрамасы да мықты. Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Қазақстанның екінші ракеткасы астаналық Дмитрий Попкоға үлкен үміт артып отырмыз. Оған қолдау көрсету қажет. Әйелдер құрамасы да мықты, – дейді Қазақстан теннис федерациясының өкілдері.

Турнир қорытындысы жексенбі, 31 шілде күні шығарылады.

Кубок аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 12 жасқа дейінгі балалар арасында жарыс өткізіледі. Аталған спорт түрінің әуесқойлары да жарыстан тыс қалған жоқ. Олар әуесқойлар арасындағы ІІІ Astana Open – 2016 республикалық турниріне қатысуда. Жыл сайын тенниспен айналысатын астаналықтар саны артып келеді. «Дәулет» СК директоры Қуандық Елжановтың айтуынша қазіргі кезде орталықта 700 астам бала жаттығады, 15-тен артық маман жұмыс істейді.

« Астанада тағы да бір корт салынады. Ол теннистің дамуына септігін тигізеді. Бүгінде мына спорттық база біз үшін аздық етеді. Біздің жетекші спортшыларымыз құрама команда сапында өнер көрсетеді, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері нормативтерін көрсетеді. Бұл маңызды жетістіктер, аталмыш спорт түрі көз алдымызда дамып келеді, - дейді Қуандық Елжанов.  

Сонымен қатар, Қазақстанда Астана мен Шымкентте солтүстік пен оңтүстік өңірлерге арналған екі орталық құрылады.

Солтүстік өңірлерге арналған орталық Астанада «Дәулет» ұлттық теннис орталығының базасында жұмыс істейді. Тамыз айында халықаралық стандарттарға сай спортшылар тұратын жаңа кампус салына бастайды. 

 




Яндекс.Метрика