Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ЖОО-ның 100 мыңнан астам студенті жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізін үйренетін болады

Жыл сайын жоғары оқу оындарының 100 мыңнан астам студенті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» атты бағдарламаны оқитын болады, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шаимова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.
Астана қаласы26 Шілде , 15:58

«Министрліктің бастамасы бойынша 105 жоғары оқу орындарының мекемелерінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» атты оқу бағдарламасы енгізілді және оны жыл сайын 114 мың студент оқитын болады»,-деді А.Шаимова.

Сонымен қатар, бейне дәрістің түсіру кезеңі жалғасуда және ол «Адалдық алаңы» сайтында жарияланады.

«Бүгінгі күні 16 бейне дәріс іске қосылды. Еліміздің барлық аймақтарында осы дәрістің жаппай көрсетілімі пысықталған. Сонымен қатар, мәдениет, әдебиет және өнер туындыларының негізінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жағдайы құрылған. Бұл жұмыстар бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі: біріншіден, театр қойылымдары. Екіншіден, кітапханаларда кітап көрмесін өткізу, музейлерде тұрақты бұрыштардың болуы»,-деді вице-министрі.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика