Өңірлер

ОҚО-да жыл басынан бері 8 елді мекен ауыз сумен қамтылды

Жыл басынан бері Мақтаралда 8 елді мекен ауыз сумен қамтылды. Тәулік бойы тіршілік нәрі беріліп жатқан ауылдардың ішінде С.Сейфуллин, Құлшығаш, Жамбыл елді мекендері де бар, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область26 Шілде , 15:39

Айта кету керек 2015 жылы ауыз суды көрші ауылдардан тұтынып отырған аудандағы Андреев, Алпамыс, Достық, Сырабад, Ғ.Мұратбаев, Абай, Абат, Атамұра, Қарақыр сынды 9 елді мекеннің халқы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Нәтижесінде, бүгінге дейін аудандағы 24 сағат бойы таза ауыз су беріліп жатқан елді мекендердің саны 64-ке жетті.

Елді мекендерді тіршілік нәрімен қамту жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бүгінгі таңда мақталы өңір - Мырзашөлдегі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 355 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп, Нұрлы таң, Ырысты, Қ.Пернебаев, Табысты, Октябрь, Датқа, Дархан, Сайлау, Нұр, Тың дала, Көкарал, Азат елді мекендеріндегі тозығы жеткен су құбырларын жөндеу, су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мақтаралдағы жер асты су қорының мөлшерін, сапасын, жарамдылығын анықтау мақсатында  2015 жылы 26 елді мекенде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілсе, 2016-2017 жылдарға 19 елді мекеннің жерасты су қорына іздеу-барлау жұмыстарының ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлдіруге салалық басқармаға ұсыныс беріліп отыр.

Жалпы, халқы күн санап өсіп жатқан Мақтарал ауданындағы 174 елді мекенде ұзындығы 1885 шақырым болатын қолданыстағы су құбыры бар. Бұл су құбырларында 225 дана ауыз су ұңғысы, 165 су мұнарасы мен 12 су сақтағыш және санитарлық қорғау аймақтары халық игілігіне жұмыс істеп тұр.

 

 

 




Яндекс.Метрика