Өңірлер

БҚО-да медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Биыл БҚО-да медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов облыстық мәслихат отырысында.
Батыс Қазақстан26 Шілде , 15:17

Ол айтып өткендей, аталмыш қаржы автомобиль мен медициналық қондырғы, ұйымдастыру техникасын алуға бағытталады.

«Толық қамту деңгейіне шығу  үшін көлік санын 30 бірлікке жеткізу қарастырылған. Оның ішінде 18 көлік – облыс аудандарына, 12 реанимобиль – Орал қаласының жедел жәрдем станциясы  мен санитарлық авиация мен емханаларға бағытталады. Сатып алудың жалпы сомасы 305 млн теңгені құрады», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, бұлшық ет ауруларымен ауыратын адамдарға мамандандырылған жоғарытехнологиялық көмек көрсету үшін сандық ангиографиялық жүйе алу жоспарланып отыр.  Қондырғының құны мен орнату жұмыстары 318 млн теңгені құрайды.

6 қалалық  емханалардың  жұмысын  қалыпқа келтіру  үшін   143 млн теңгенің  электрондық табло алу қажет.  Сондай-ақ, денсаулық сақтау мекемелері үшін  ұйымдастыру техникасы мен бейнебақылау жүйесін орнатқан абзал, деп айтып өтті  әкім.

 




Яндекс.Метрика