Халықаралық интеграция

Е.Әли: Қазақстан Эфиопияға құрғақшылықпен күресу үшін 50 мың доллар бөледі

Қазақстан Эфиопияға құрғақшылықпен күресу үшін 50 мың доллар бөлуге мүдделі, деп Эфиониядағы ҚР-ның Төтенше және Уәкілетті өкілі Ерлан Әли ҚР сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы26 Шілде , 14:33

«Біз африкалық жақпен осындай түрде ынтымақтастық жасаудамыз, оларға ізгілікті көмек жасаймыз. Қазір Шығыс Африкада және Эфиопияда құрғақшылықпен үлкен мәселе туындауда және Қазақстан оларға қолдау көрсетуде. Эфиопияның сыртқы істер министрі Тедрос Аданомға құрғақшылықпен күрес үшін 50 мың доллар беріледі»,-деді Е.Әли.

Сонымен қатар, бұрындары африкалық одаққа Эбола вирусымен күресу үшін қаржылай көмек жасалды.

«Біз Эбола вирусымен күресу үшін 300 мың доллардың чегін беріп жібердік»,-деді Е.Әли.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика