Халықаралық интеграция

Е.Әли: Қазақстандық астықты Эфиопияға Түрікменстан-Иран-Джибути арқылы импорттауға болады

Қазақстандағы астықты өндіру әлеуеті мен оның экспорттық жағдайын ескере отырып, қазақстандық астық импортын Эфиопияға Түрікменстан-Иран-Джибути арқылы импорттауға болады, деді Эфиопиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлік Әли сыртқы істер министрлігіндегі отырыста.
Астана қаласы26 Шілде , 13:54

«Эфиопиядағынарық үшін АҚШ, Ресей, Аустралия, Аргентина  бақ сынасуда. Нарық 1 млн тоннадан жоғарылай береді. Егер де өнімді жаңа ресейлік порт арқылы  тасымалдайтын болсақ,  кезекке тұру қажет, кезекте алдымен ресейлік кейін қазақстандық астыұ тұр. Меніңше, Мемлекет басшысының Иранға барған сапарынан кейін импорттаудың тағы бір жолы пайда болады», - деді елші.

Ол айтып өткендей, астықты жеткізу кедергілері логистика үшін ғана туып отыр, олар қазақстандық нарықтың сапасына алаңдамайды.

Эфиопия 100 млн адамы бар ірі нарық. Қазақстандағы астықты өндіру әлеуеті мен оның экспорттық  жағдайын ескере отырып, қазақстандық астық импортын Эфиопияға Түрікменстан-Иран-Джибути арқылы импорттауға болады. Аталмыш көліктік дәліз  өзге тауарлар үшін де қолданылуға болады.

Сауда үшін өзге  жол Кениядағы Момбаса теңіз порты, ол арқылы қазақстандық астықты Эфиопияға шығару мүмкіндігі бар.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика