Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылы барлық қазақстандықтың халықтық игілігі болып табылады – сарапшы (ВИДЕО)

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылы – барлық қазақстандықтың халықтық игілігі болып табылады, деді Астана қаласындағы Өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Хасан Шарипов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Астана қаласы 26 Шілде, 14:51

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында елдің осынша ілгерілеп, өз экономикасын қарқынды дамытатыны туралы ешкім ойлаған жоқ. Халықты біріктірген Президентіміздің арқасында барлық мүмкіндіктер жасалды. Ұлттарының айырмашылықтарына қарамастан тең құқық берді, жұмыс істеуге толық жағдай жасады, шағын және орта бизнесті дамытты, жастарымыздың ең дамыған елдерде оқуларына мұмкіндік жасалды. Бір сөзбен айтқанда мемлекет үлкен жетістіктерге қол жеткізді»,-деп мәлімдеді ол.

Х.Шариповтың айтуынша, Президенттің дана саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

«Президент «бірлік арқылы біз бәрін жеңеміз, жалғыз адам жауынгер емес. Ал, біз, барлық ұлттар бірігетін болсақ, бізді ешкім жеңе алмайды» деген болатын»,-деді сарапшы.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика