Ұлт жоспары 100 нақты қадам

МӘМС жүйесі міндетті сақтандыру қорының ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді (БЕЙНЕ)

МӘМС жүйесінде бәсекелестік орта құрылуда, ол қордың ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, деді Астана қаласының медициналық қызметке ақы төлеу департаменті жетекшісінің орынбасары Ләззат Шоманова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 26 Шілде, 12:36

«МӘСМ жүйесінде бәсекелестік орта құрылуда, ол МӘМС қорының ресурстарына тең қолжетімділікті қажет етеді, енді медициналық, мемлекеттік және жеке жеткізушілер аталмыш жүйеге тең дәрежеде қатыса  алады. Бұл жүйені  толығымен электрондық жүйеге ауыстыру қарастырылған. Ол жүйені ашық, Үкімет тарыпынан қадағалауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет халықтың 15 санатына енгізуді қамтамасыз етеді.

«Өзін-өзі қамтыған азаматтар салық органдарына тіркеліп, ҚР заңына сәйкес, жұмыс табуы керек, болашақта үш ай ішінде жұмысқа тұрмаған адамдар жұмысқа орналасуы не болмаса мамандық бойынша оқытудан өтуі керек болады», - деді сарапшы.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  Қазақстанда  Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 80 қадамы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Индира Кауметова

Бейне: Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика