Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Медқызметтің сапасы бойынша қазақстандық комиссия әлемнің озық тәжірибесіне сәйкес құрылған– сарапшы (БЕЙНЕ)

ДСӘД жанындағы медициналық қызмет көрсетудің сапасы бойынша бірлескен комиссия әлемнің озық тәжірибесіне сәйкес құрылған. Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы 26 Шілде, 11:57

«Медициналық қызмет көрсетудің сапасы бойынша бірлескен комиссия әлемнің озық тәжірибесіне сәйкес құрылған, мысалы, Германияда осы сынды комиссия жұмыс істейді. Ол жерде тіпті, емделушілер талқыға түсетін мәселелерді шешу үшін және оны сапалы орындау үшін қатысады»,-деді ол.

Сарапшының айтуы бойынша, комиссия отрысын ашық түрде ұйымдастыру үшін, жиналысқа комиссияның екі-үш мүшесі қатысуы керек.

«Комиссияның мақсаты медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеру мен халықтың көңілінен шығу, яғни, медициналық қызмет көрсетуді стандарттау аясында, қазіргі заманға сай емханалық хаттамалар жасалады және олар дәлелді медицианалық стандарттарға сәйкес келеді. Медициналық технологияларды бағалау аясында, медициналық технологияның дәлелденбеген әдістері, дәрі-дәрмектер, медициналық өнімдер шектетілетін болады, ал әлемдік тәжірибеде қолданылатын әдістер қосылады. Сонымен қатар, сапаны қамтамасыз ету үшін медициналық аккредитацияның ұлттық стандарттары бекітілетін болады және ол әлемнің озық тәжірибесіне сәйкес құрылған»,-деді сарапшы.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстанда Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында 82 қадамға сәйкес, 2015 жылы мамандандырылыған комиссия құрылды.

Индира Қауметова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика