Энергетика

Қазақстанның ішкі нарығындағы сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы бекітілді

Қазақстанның ішкі нарығындағы сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы бекітілді. 2016 жылдың 30 қыркүйегі кезеңінде тоннасы 23 106,45 теңге мөлшерінде, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
Казахстан26 Шілде , 11:38

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын ҚР Энергетика министрлігі қояды және ол елдің барлық аумағында бірдей болады.

«2015 жылдың ақпан айынан бастап ҚР-да көтерме баға тоннасына 11 033,91 теңге деңгейінде болды. Бұл көрші елдерден бір есеге арзан. Яғни, ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу сұйытылған мұнай газын өндірушілер үшін аса қызық емес»,-делінген хабарламада.

Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын тұрақты жеткізіп тұруды қамтамасыз ету мақсатында және өндіруші зауыттардың шығындарын төмендету үшін жоғарыда көрсетілген Ережеге өзгертулер енгізілді. ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен  2016 жылдың 5 шілдесінен 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ішкі нарықтағы мұнай газының көтерме бағасы тоннасына 23 106,45 теңге болып бекітілді.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика