Ұлт жоспары 100 нақты қадам

А.Шаимова: Мемлекеттік органдар жемқорлыққа қарсы стратегияны ойдағыдай орындайтын болды

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қарсы стратегияны оңтайлы орындау динамикасы жақсарғанын аңғаруға болады, деді ҚР мемлекеттік қызмет істері жөнінде вице-министр Айгүл Шаимова 2016 жылдың бірінші жарты жылдығын қортындылауға арналған министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы26 Шілде , 11:16

«Ұлт жоспарының 13 қадамын орындау шеңберінде жемқорлыққа қарсы мониторинг институты заңмен енгізілген. Ондағы мақсат тәжірибеде құқық қолдануды бағалау. Бүгінгі таңда мониторинг «жүйелік бақылау» қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Кабинеттен шықпай-ақ, керекті деректерді меңгеріп, ұсыныс дайындай аламыз. Мысалы, жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жарияланған бойынша 2500-ден астам салалық материалды қарадық»,-деді А.Шаимова.

Ол атап өткендей, келесіде бұл бағыттар жемқорлық тәуекел сараптамасына тартылатын болады. Жоспарлы негізде нақты салалар қаралатын болады.

«Есептік кезеңде Мемлекеттік бағдарлама аясындағы «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Агробизнес - 2020» бағдарламалар Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге субсидиялау жағы талданды. Бұл жұмыс аясында 380-нен астам нормативтік акті қаралды. Қортындысында әкімшілік кедергілер мен жүйелік жемқорлық тәуекелдер кейбір жетілдірілмеген құқықтық актілердің салдарынан орын алған»,-деді А.Шаимова.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде мемлекеттік органдар Жемқорлыққа қарсы стратегияларды оңтайлы орындағандары байқалады. Бұдан бөлек, биыл Қазақстан ТМД Мемлекетаралық кеңесіне жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша төрағалық етеді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика