Қазақстан және БҰҮ

В. Салахов: Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы әлемдік саясатта елдің маңыздылығын көрсетеді (БЕЙНЕ)

Әлемнің 200 мемлекетінің ішінен Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы әлемдік саясатта елдің маңыздылығын айтады, деп «Қазақстанның Әзірбайжан мәдени орталықтары одағының» ЗТБ президенті Видади Салахов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы 26 Шілде, 10:32

«Әлемнің 200 мемлекетінің ішінен Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы әлемдік саясатта елдің маңыздылығын айтады. Қазақстанның жоғары әлемдік ұйымда мүше болуы, мемлекетіміздің және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың беделінің айқын көрінісін көрсетеді»,-деді В.Салахов.

Естерінізге сала кетейік, 28 маусым айында БҰҰ Бас Ассамблеясында бес жаңадан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері сайланды. Қазақстан 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болды. Бас ассамблеяда дауыс беру барысында Қазақстан бірлестігін 138 ел қолдады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ресми түрде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіреді және жұмысын 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін атқарады.

Ботагөз Айтжанова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика