Халықаралық интеграция

Б.Сұлтанов G 20 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері басқарушыларының кездесуіне қатысты

Ағымдағы жылғы шілденің 23-нен бастап 24-і аралық кезеңінде Чэнду қаласында Қытай төрағалығымен «Жиырма тобы» елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері басқарушыларының 2016 жылдың қорытынды кездесуі өтті, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде26 Шілде , 09:53

Аталған іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов пен ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышев қатысады.

Қаржы министрі Б. Сұлтанов салық салу жөнінде Симпозиумына қатысты.Бақыт Сұлтанов Халықаралық валюталық қордың директоры Кристин Лагардпен екі жақты кездесу өткізді. Сонымен қатар, Түркия, Сингапур мемлекеттерінің вице-премьерлері және Қытай қаржы министрі – Лоу Цзивэймен бірқатар кездесулер өтті. Кездесу барысында қазіргі экономикалық жағдай және әлемдік экономиканың даму келешегі жөнінде мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, әлемдік экономика, халықаралық қаржылық архитектура, салық салу саласындағы ынтымақтастық және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Аталған кездесу шеңберінде ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйегінде Ханчжоу қаласында өтетін алдағы G 20 саммитінің қаржылық күн тәртібін дайындау жоспарланып отыр.

«Жиырмалықтағы» Түркияның төрағалығы 2015 жылдың 1 желтоқсанында Қытайға берілді. Алдағы G 20 Саммитінің тақырыбы «Инновациялық, сау, өзара байланысты және инклюзивті әлемдік экономика құру» болады. Қытай өз төрағалығының негізгі басымдықтарын айқындады: әлемдік экономикалық даму үшін жаңа жолдар іздеу, анағұрлым тиімді әлемдік экономикалық және қаржылық басқару, халықаралық сауда мен инвестицияларды ынталандыру, сондай-ақ инклюзивті және өзара байланысты дамыту. Қытай тарапы әлемдік экономиканың тұрақты, орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету G 20 елдері үшін негізгі міндет болып қалады деп есептейді.

«Жиырма тобы» (G 20) – жаһандық экономикалық және қаржылық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін жетекші форум. G 20 үлесіне әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 90 %, әлемдік сауданың (ЕО ішіндегі сауданы қоса алғанда) 80 % және әлем халқының үштен екісі келетін әлемнің ірі дамыған және дамып келе жатқан экономикасын біріктіреді. 2017 жылы Қытай төрағалықты G 20 Германияға береді.




Яндекс.Метрика