ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

ҚР ЖОО тарихшыларды дінтану негіздеріне дайындайды - ДІА

ҚР-ның жоғарғы оқу орындарында «Тарих» мамандығын кеңейту мақсатында тарихшыларды дінтану негіздерін оқыту енгізілмек, деп мәлімдеді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы28 Қараша , 17:17

«Дінтану мұғалімдері мен тарихшылар облыстарда жұмыс істейтін біліктілік арттыру айлық курстарынан өтеді. Дәріс берушілер құрамы жоғары білімді мамандар. Олар тарихшы мамандығын игеріп шыққанымен, қосымша дінтану негіздері бойынша да білім алады. Біз аталмыш мамандықты ЖОО-да тарату мүмкіндіктерін қарап жатырмыз. Ондағы ойымыз тек тарихшылықпен шектелмей, ұстаздардың дінтану негіздерінен де хабардар болуы», - деді Әзілханов.

ҚР Дін істер агенттігінің мәліметінше, мектептерде дінтану негіздері бойынша  білім беру экстремизмнің алдын алудың бірден бір жолы.

«Қазіргі таңда бұл пән тоғызыншы сынып оқушыларына оқытылып жатыр. «Дінтану негіздері» оқулығында ешбір дінді дұрыс насихаттамайды. Діннен біржолата безіндіреді. Бар болғаны діндердің аттарын тізіп, мағлұмат берумен шектеледі. Ұстаздар да осы саланы толық білмегендіктен біліктілікті арттыру курстарынан өту қажеттілігі бар», - деді төраға.

Оның айтуынша, аталмыш пән алдағы уақытта жетілдірілетін болады.




Яндекс.Метрика