Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысындағы дәрігерлік амбулатория мен колледж Жұмыспен қамту жол картасы аясында жөнделіп жатыр (ФОТО)

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Сандықтау ауылындағы Сандықтау дәрігерлік амбулатрия мен Каменка ауылындағы агротехикалық колледжге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жасалалып жатыр.
Ақмола 26 Шілде, 09:36

Дәрігерлік амбулаторияғы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 16,7 млн. теңге, ал колледжге 122,8 млн. теңге бөлінген. Екі нысанда да жұмыстар 2016 жылдың маусымында басталды. Колледждің оқу ғимараты, машина-трактор шеберханасы мен алғашқы әскери дайындық ғимараттары жөнделуде.  Колледждегі жөндеу жұмыстары тамыз айының 15 күндері аяқталады, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

С.Кулагин Балкашино ауылында салынып жатқан жаңа спорттық-сауықтыру кешені нысанын да назардан тыс қалдырған жоқ. Бұл жаңа кешеннің құны 261,8 млн. теңге. Аймақ басшысы құрылыстың сапасы мен аяқталу мерзіміне айрықша көңіл бөлді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика