Қор филиалы қаржылай емес қолдауды белсенді жүргізуде. Соның ішінде Астана қаласы кәсіпкерлерінің біліктіліктерін арттыру жұмыстары бар. «Шағын және орта бизнес топ менеджментіне оқыту» жобасы бойынша Астана қаласының 16 кәсіпкері «Назарбаев Университет» Жоғары бизнес мектебінің базасында оқудан өтті, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.
«Даму-Көмек» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі 6 кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді.
Астана қаласы бойынша бірінші жарты жылдықта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттің бизнесті қолдауы бойынша, бухгалтерлік және салық есебі, заңгерлік және бизнес-жоспар әзірлеу бойынша 2 492 клиентке 2 877 кеңес қызметі көрсетілді.