Қазақстан және БҰҮ

ҚР-ң БҰҰ ҚК-не тұрақты емес мүше болып сайлануы аясында әділет министрлігінің алдында толық сараптама өткізу міндеттері тұр (ВИДЕО)

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы аясында Әділет министрлігінің алдында үлкен міндеттер мен жауапкершіліктер тұр. Барлық сараптамаларды толық әрі кең көлемде мән беріп жүргізу қажет, деді ҚР әділет вице-министрі Эльвира Азимова Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Астана қаласы 25 Шілде, 19:56

«22 және 23 маусымда Қазақстан халықаралық тәжірибе бойынша азаматтық және саяси құқық туралы екінші қорғаудан өтті. Бұл өткен сайлау алдында ғана болған еді. Бұл қорғау аясында бірқатар мәселелер көтерілді. Онда Қазақстанның конфессияаралық, ұлтаралық келісім және адам құқығын қорғау бойынша ең үздік тәжірибесі бар екені айтылды»,-деді вице-министр.

Оның айтуынша, Қазақстан 4 негізгі қауіпсіздік мәселелері бойынша күн тәртібіндегі өте маңызды шешімдерді шығаратын болады. Олар: энергетикалық, азық-түлік, су және ядролық қауіпсіздіктер.

«Бұл контекстте тек қана жан-жалдарды реттеу ғана емес, Қауіпсіздік кеңесі алаңында Қазақстанның бастамасы негізінде нақты бағдарламалар ұсынылатын болады. Солардың ішінде әр елдің барлық бюджетінің 1 пайызын тиісті бағдарламаға аудару бастамачсы бар. Бұл да үлкен маңызға ие»,-деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, 23 маусым күні Нью-Йоркта БҰҰ Бас Ассмблеясындағы дауыс беру нәтижесі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланған болатын. ҚР кандидатурасын БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің 138-і қолдап дауыс берген. Қазақстан тұрақты емес мүшелік құқығына 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін атқаратын болады.

Анар Тәңірқұлова

Видео Азамат Алиевтікі





Яндекс.Метрика