Өңірлер

СҚО-да бірінші жарты жылдықтағы мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі 78,9% құрады

СҚО-да биыл бірінші жарты жылдықтағы мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі 78,9% құрады, деп хабарлады аппаратық мәжілісте қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов.
Солтүстік Қазақстан25 Шілде , 19:34

Ол сондай-ақ, көрсетілген кезеңде жалпы сомасы 5,5 млрд. теңге болатын 19 020 келісім орындалғанын атап өтті.

«Қазақстандық қамту бойынша тиімді мониторинг жүргізу үшін облыста ұйым басшыларының мемлекеттік сатып алу веб-порталына белсенді түрде қатысулары қажет. Веб-порталыға келісімді дер кезінде орналастыруда жауапкершілікті арттыру, қазақстандық өнімдердің толық ақпаратын берулері керек»,-деп атап өтті Е.Әкімжанов.

Аймақ әкімдігінен хабарланғандай, мемлекеттік сатып алуды дер кезінде жүзеге асыру мақсатында  және бюджет қаржысын тиімді пайдалану үшін бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшілігіне байқауларды ұйымдастыру мен жоспарлау мәселесінде сапалы жұмыс атқару керектігі айтылды. 




Яндекс.Метрика