EXPO-2017

Италия мен Оңтүстік Корея ЭКСПО-2017 көрмесінде «жасыл энергетика» саласында озық дайындықтарын көрсетеді

Астанада Италия мен Оңтүстік Корея «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды.
Астана қаласы 25 Шілде, 17:29

Италияның қатысу туралы келісіміне «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов және «ЭКСПО-2017» италияндақ секцияның Комиссары, ҚР-ғы Италия Республикасының Төтенше және Уәкілетті Өкілі Стефано Раваньян қол қойды, деп ұлттық компанияда хабарлайды.

Кездесу барысында ұлттық компания басшылары «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықтары туралы айтып өтті. «Көрме өткізуде Италияның тәжірибесі біз үшін өте пайдалы, өйткені ЭКСПО-2017 Миланда ең табысты дереккөз болып саналды. Жаңартылатын энергия саласындағы Италияның жетістіктерін ескере отырып, ЭКСПО-2017 аясында сіздердің елдеріңіз осы салада жаңа технологияны көрсететіндігіне сенеміз»,-деді А. Есімов.

Айта кететін жайт, қазір Италия «жасыл» технологияны іске асыруда және отынды әртараптандыру саясатын іске асыруда. Италия секциясының Комиссары сөз барысында жаңартылған энергия үлесі электр қуатын өндіруде Италияда 2015 жылы 38,4 пайызды құрағандығын айтып өтті.

«Біз ұлттық павильонды толықтыруға белсене жұмыс жасаудамыз, өйткені ЭКСПО-2017 әлемде болашақта альтернативті энергияны дамытуда үлкен рөл алады»,-деді Стефано Раваньян.

Оңтүстік Корея баламалы және жаңартылатын энергия көздері саласында көрмеде өздерінің дайындауларын көрсетуге дайын. Бұл туралы келісімге қол қою барысында корея секциясының комиссары, ҚР-ғы Корей Республикасының Төтенше және Уәкілетті Өкілі Чо Енг Чон айтты.

«Корея ЭКСПО аясында екі рет көрме өткізді. 2012 жылы Йосу қаласында , сонымен қатар, 1993 жылы  - Тэджон қаласында өтті. ЭКСПО өткізілгеннен кейін ол ғылым орталығы мен барлық Кореяның технологиясының дамуы болды»,- деді Чо Енг Чон.

Кореядағы жаңартылған энергия 2008 жылдан бастап 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия үлесін 11%-ға ұлғайту бойынша үкімет жобаны жасауда.

Естерінізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы-елдердің тізімін құру екі бөлімнен тұрады – қатысу туралы ресми түрде мақұлдау ,  содан кейін қатысу туралы келісімге қол қою.

Қазіргі күні 94мемлекет өздерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындықтарын ресми түрде мақұлдады, ал 56 мемлекет қатысу туралы келісімге қол қойды





Яндекс.Метрика