Мәдениетті жаңғырту

Астанада британдық жазушының Ұлы Дала тарихы туралы кітабының тұсаукесері болды (ФОТО)

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында британдық жазушы және журналист Ник Филдингтің ағылшын тіліндегі «South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852» (Оңтүстіктегі Ұлы далаға: Томас пен Люси Аткинсонның 1847-1853 жылдары Шығыс Қазақстанға жасаған саяхаты) және британдық саяхатшы бабаларымен кездесу және Томас Аткинсонның зерттеуі атты кітабының тұсаукесері болды.
Астана қаласы 25 Шілде, 17:04

Кітап XIX ғасырдағы қазақ қоғамы туралы бірегей жазбалар негізінде шығарылған. Жазушы өзі атап өткендей, зерттеу материалдары Ұлы Даланың бай тарихынан сыр шертеді және Қазақстанның баға жетпес мәдени құндылығы болып табылады.

Ник Фильдинг отандастары 19 ғасырда Томас пен Люси Аткинсон бара алмаған жерлерге баруға талпынған. «South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852» кітабында ол британдық зерттеушілердің тарихын қызығушылықпен суреттеген. Томас пен Люсия Аткинсон Қазақстанның кең даласын зерттеген. Атпен саяхаттаған олар Сібірден бастап оңтүстікке қарай барлық Ұлы даланы шарлап мыңдаған шақырым жерді жүріп өткен. 1848 жылдың қыркүйегінде Томас пен Люсия Қапал жеріне келген. Жоңғар Алатауы маңына келгенде олардың ұлдары дүниеге келген. Олар ұлдарының атын Қапалдағы белгілі бастаудың құрметіне Алатау Тамшыбұлақ деп қойған екен.

Томас пен Люсия Аткинсондардың зерттеу материалдары Ұлы Даланың бай тарихынан сыр шертеді және Қазақстанның баға жетпес мәдени құндылығы болып табылады. Онда тарих, география, мәдениет пен дәстүр сяхатшылардың көзімен жазылған. Британдық саяхатшфылар келіп кеткеннен кейін 160 жыл өткен Қазақстан түрлі тарихи даму жолдарынан өтіп, бүгінгі таңда әлемде орыны бар, экономикасы дамыған, тұрақты мемлекеттердің бірі болып отыр. 





Яндекс.Метрика