Ұлттың денсаулығы

Батыс Қазақстанның 7 мың тұрғыны «Жәрдем» медициналық пойызында тексерістен өтті

Батыс Қазақстанның 7 мың тұрғыны «Жәрдем» медициналық пойызында тексерістен өтті, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР ТЖК комитетінің төрағасы Руслан Иманқұлов.
Астана қаласы25 Шілде , 16:43

«Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызында 23 мамырдан бүгінгі күнге дейін (56 жұмыс күн ішінде) 6943 тұрғын, оның ішінде 817 бала тексеруден өтті. Дәрігерлерге келушілер саны 51982 құрады», - деді Р.Иманқұлов.

 Оның айтуынша, 22783 диагностикалық емшара жүргізілді (6470 ішкі ағзаны ультрадыбыстық  зерттеулер, 2242 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 2851 электрокардиографиялық зерттеулер, 1663 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 984 эндоскопия, 8573 клинико-биохимиялық зерттеулер), 136 шағын амбулаториялық ота жасалды.

«Тек 11 маусымнан бастап (43 жұмыс күні ішінде) «Денсаулық» пойызының мамандары республикамыздың Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары 33 станциясының тұрғындарын тексеруден өткізді, барлығы 6732 тұрғын, оның ішінде 1145 бала тексеруден өтті», - деді ол.

Дәрігерлерге келушілер саны 59001 адамды құрады. 30821 диагностикалық емшара, 115 шағын амбулаторлық ота жасалды. 1050 әйел мамологқа қаралды. 2334 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

Ботагөз Айтжанова 




Яндекс.Метрика