Инфрақұрылымды дамыту

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар 64 нысан ашылды

ҚР Тұңғыш Президентінің Күнін тойлау аясында Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар 64 нысан қолданысқа берілді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан28 Қараша , 17:00

«Риддер қаласында бүгін салтанатты түрде жаңа ауылдарда пәтер кілттері табысталды. Соңғы 30 жыл ішінде агроөндірістік орталықта 60 жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр. Республикалық бюджеттен 390 млн. теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Бесқабатты үй 5 үш бөлмелік, 35 екі бөлмелік, 20 бір комнаталық пәтерлердің жағдайлары жақсарды. Айта кетейік, бір комнаталы пәтердің аумағы 54 шаршы метрді құрайды.

Глубоков ауданында ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында  қуанышты сәттердің бірі болып Черемшанка, Белоусовка ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның ашылуы болды. Сондай-ақ, Перевальное ауылында фельдшерлік – акушерлік пункт ашылды.

Облыстық бюджеттен Черемшанка ауылында амбулаторияның салынуына  қаржы бөлінді.

Жобаның сметалық құны 150 млн теңгені құрады. Мердігер -«Өскемен-Құрылыс» ЖШС, ағымдағы жылдың мамыр айында құрылысқа кірісіп, барлық жұмысты уақытында бітірді. Заманауи талаптарға жауап беретін мекеме қажетті қондырғылармен жабдықталған.

Ауыл тұрғындары атап өткендей, жаңа амбулатория – бұл мемлекеттің азаматтарға деген көзқарасы. Адамдардың  денсаулығына немқұрайлы қарамағанның көрсеткіші.

Жалпы, барлық аймақ бойынша бұл күндері балабақшалар, интернаттар, мәдениет және спорт нысандары қолданысқа беріледі. 




Яндекс.Метрика