Ұлттың денсаулығы

Медпойыздарда орнатылған генераторлық қондырғылар ТЖ болған кездері шағын елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз етеді – ҚТЖ

Қазақстан бойынша жүріп жатқан медициналық пойызға дизельді-генераторлық қондырғылар орнатылған, оның қуаттылығы ТЖ болған кездері 2-3 мың тұрғыны бар шағын елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз етуге жетеді, деп «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ адам ресурстары басқарамсы департаментінің менеджері Ержан Мантиков мәлім етті.
Астана қаласы25 Шілде , 16:38

«Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламтты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойыздар қуаттылығы 200 киловат болатын дизельді-генераторлық қондырғылармен жабдықталған. Төтенше жағдай бола қалған кезде, осындай бір пойыздың қуаттылығы 2-3 мың халық тұратын шағын ауылдық мекенді электр қуатымен жабдықтауға жетеді. Пойыз, ТЖ болған жағдайда, елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз ете алады»,-деді ОКҚ-да Е. Мантиков.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, пойызда медицина қызметкерлеріне жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалған: шкафтары бар екі орынды купелік вагон, тоңазытқыштармен, қысқа толқынды пештермен және теледидармен жабдықталған. Кір жуу кондиционері бар, ал барлық пойыз бойынша  wi-fi жұмыс істейді.

«Медициналық пойыздар жолаушылар пойызынан қатты өзгешеленеді, өйткені арнайы жабдықтармен жабдықталған, ішкі бөлімдері толығымен жолаушылардікінен ерекше – бұл, әрине, қосымша мамандардың болуын қалайды»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, 2010 жылдан бастап Қазақстан бойынша «Денсаулық», «Саламатты Қазақстан» және «Жәрдем» пойыздары жүруде.




Яндекс.Метрика