Өңірлер

Ірі америкалық компания Шымкентке инвестиция тартуға көмектеседі

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Констанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Южно-Казахстанская область 25 Шілде, 18:06

 Тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан Shymkent-City ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.

АЕСОМ - сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания.  Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.

АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік  әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады.

Айта кетейік, Қазақстан - АЕСОМ компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттер ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.

 

 





Яндекс.Метрика