Қазақстанның Тәуелсіздігі

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге ұлғайды

Қазақстанда соңғы 20 жылда (1996 мен 2015 жылдар аралығында) азаматтық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 17,6 есеге (4 мың 813 теңгеден 84 мың 722 теңгеге дейін) ұлғайды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан25 Шілде , 19:13

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауларына сәйкес бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет: 2006 жылы - 32%-ға; 2007 - 30%-ға; 2009 және 2010 жылдары - 25%-ға, 2011 - 30%-ға ұлғайтылды.

2014 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық ақының 10%-ы көлемінде үстемақы төлеу енгізілді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысы олардың біліктілігіне қарай ұлғайтылды: денсаулық сақтау саласында -  7%-дан 28%-ға, білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға, өзге салаларда –28%-дан 40%-ға дейін.

 




Яндекс.Метрика